Елордада 320 мыңнан астам адам КВИ вакцинасының I компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын вакцинациямен көбірек қамту үшін Нұр-Сұлтанда демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтін егу пункттерінің саны 3 есеге артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 320 мыңнан астам адам алғанын, ал 206 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өткенін хабарлады.Қала тұрғындарын вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есеге арттырдық. Олардың уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін, тіпті демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 8 сауда ойын-сауық орталығында – «Хан Шатыр», «MegaSilkWay», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия», сол сияқты «Мечта» тұрмыстық техникалар дүкенінде егу пункттері ашылды. Бүгінге дейін СОО-ларда 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды, - деп хабарлады Тимур Мұратов.Елордада вакцинацияның жоғары белсенділігі байқалады. Жұрт өзінің және өзгелердің денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Соңғы апталарда вакцина алғысы келетіндер саны 6 есеге дейін өсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы