10 Маусым 2023 2023, 22:57
Фото: архив
Елордада 3 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды
Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 маусымда 102 каналына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабат биіктіктен бала құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, – деп жазылған ресми хабарламада.