Елордада 25 тамызда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Елордада 25 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың 25 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс берушілердің ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады, - делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекен-жайы: Республика даңғылы, 34.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада үш ауысымды 4 мектеп 6 күндік оқу форматында қалады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы