Елордада 20 өрт сөндіруші марапатталды
Астанада Қостанай облысында өрт сөндіріп, жанқиярлық көрсеткен 20 құтқарушы марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың арасында өрт сөндірушілер, ішкі істер органдарының және әскери қызметкерлер мен еріктілер бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы үшін мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді.
Сонымен қатар 48 адамға Президенттің Алғысы жарияланып ақшалай сыйақымен марапатталды.
Айта кетейік, өрт кезінде 43 мың гектар орман алқабы жанып кетті. 12 адам зардап шегіп, бір адам опат болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы