Елордада 189 мың адам салық төлемеген

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерлан Бакиров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жеке тұлғаларға 2022 жылға мүлік салығын төлеу осы жылдың 1 қазанында аяқталады.

Жеке тұлғаларға салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, құқығы болған жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығындағы нақты иелену мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен жүргізеді. Елордада мүлік салығы 2022 жылы 424 мың жеке тұлғаға есептелген. Бұл 3,7 млрд теңгені құрайды,-деді Ерлан Бакиров.

Сондай-ақ, 2 қазаннан бастап борышкерлерге берешек туралы хабарлама жіберілетін болады. Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, хабарлама тапсырылғаннан кейін 30 жұмыс күні өткен соң берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жасалады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың автөкөліктерге салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында Астана қаласының полиция департаменті жедел басқару орталығына «Қорғау» және «Сергек» жүйесіне 2 млрд.теңге сомасына 4248 көлік құралын енгізді. Бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында жалпы сомасы 103 млн теңгеден астам 1010 автокөлік анықталды. Оның ішінде 99 млн теңге төленді (76 автокөлік құралы), 42 млн теңге сомасына айыппұл тұрағына қамалды (33 автокөлік құралы),-деді Ерлан Бакиров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы