Елордада 150 көше жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл елордада жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кейбір тұрғындар мұнда 20 жылдан бері тұрады. Бізге асфальт төседі. Ол біздің бұрыннан бергі арманымыз еді. Өркениет бізге де жетті. Қуанышымыз басылар емес. Асфальт төсегенде барлық тұрғындар жиналып, үстінен жүріп өттік, - деді Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының тұрғыны Лаура Сұлтанбекова (Қарасаз көшесі, 9 үй).
Қазіргі уақытта 30 көшеде жұмыс жүріп жатыр, атап айтқанда Сәтбаев, Конституция көшелері мен тұрғын алаптарда: Марқакөл көшесі, Қарасаз тұйық көшесі, Нұрлы, Орхон көшесі, Шырайлы тұйық көшесі, Қапал көшесі, М.Төлебаев көшесі, Қырыққыз көшесі, Маралсай тұйық көшесі, Желдірме тұйық көшесі, Қоғалы тұйық көшесі, Қамажай көшесі, Ақбидай көшесі, Кеңшалғын көшесі, Ақпан көшесі, Басықара батыр көшесі. Жол жөндеу жұмыстарымен елорданың барлық тұрғын алаптары қамтылады.
15 орталық көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталды: Шұғыла көшесі, Бұқарбай батыр, көшесі, Асан Қайғы көшесі, Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Тұран даңғылы, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, "Тұлпар" көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жол. Жөндеу жұмыстары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.
Біздің үйіміз 2014 жылы салынды. Жаңа асфальтты көргенімізге қуаныштымыз. Бұл жерде жол болмап еді. Бүкіл үйдің тұрғындары қуанудамыз. Бізге де, балаларымыз үшін де ыңғайлы, - деді Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының тұрғыны Анастасия Халиуллина (Нұрлы тұйық көшесі, 2 үй).
Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады.