Елордада 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Елорданың көптеген нысаны осы уақытта сыртқы сәндік жарықтарын сөндіреді.

Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді.
Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіші: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей өз жарықтарын сөндіреді.

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірі акцияға қосылып жатыр.

Акцияның ұйымдастырушылары: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Eco Fund Tabigat» қоғамдық қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.

Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да елордада келесі нысандарының сыртқы сәндік жарығы өшіріледі: Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа орталығы, Мәңгілік Ел монументі (триумфалды арка), NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, Астана-Бәйтерек монументі, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, Нұр-Әлем сферасы, Хан Шатыр, «Ailand», Mega Silk Way, «Сары арқа», Назарбаев Университет, «Жекпе-Жек» СК, «Ақ Орда», Хазірет Сұлтан мешіті, Ұлттық мұражай, Шабыт шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Қазақ Елі монументі, Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты, сондай-ақ 150-ден астам тұрғын үй кешені.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы