Елордада 140 астам медициналық қызметкер КВИ-ға қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 145 медициналық қызметкер коронавиурстық инфекцияға қарсы вакцинацияланды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бірінші кезеңде екпе алушылардың алғашқылары болып қалалық ауруханалардың, қаланың жұқпалы аурулар орталығының медициналық қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері болды.

Емхана бригадысының фельдшері вакцинация туралы пікірімен бөлісіп, вакцинациядан кейін өзін қалай сезінетінін айтты.

Вакцинациядан кейін ешбір жерім мазалаған жоқ: бастың айналуы немесе жүрек айнуы байқалған жоқ. Мен өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Екпе салдыртуды шешкен себебім, өйткені мен пациенттермен тығыз жұмыс істеймін, түрлі қоңырауларға шығамын, - деді фельдшер Ерсұлтан Үсенұлы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елордада 6300 медициналық қызметкер КВИ инфекциясына қарсы вакцинациядан өтеді. Тізімдер мамандардың ерікті келісімі бойынша жасалды.

Күніне 250-ге дейін адам жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен суық тию белгілерімен келеді. Бірақ тест жүргізілгенге дейін, кейбіреулерінде коронавирустық инфекция жоқ деп нақты айту мүмкін емес. Вакцинация, ең алдымен, мені ауырып қалудан қорғайды. Қазір вакцинациядан кейін өзімді жақсы сезінемін, - дейді Қалалық №9 емхананың сүзгі-кабинетінің дәрігері Қайнар Фархадұлы.

Вакцинация 2 кезеңмен жүзеге асырылады, алдымен бірінші компонент 0,5 мл мөлшерінде, содан кейін екінші компонент сол дозада 0,5 мл (21 - 42 күннен кейін) салынады. 21 күннен кейін вакцинация алғандарды екінші кезеңге шақырады.

Еске сала кетейік, кеше алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният вакцина алған болатын.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы