Елордада 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындамағаны үшін жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28-29 мамыр аралығында мониторинг жүргізу барысында, 60-тан астам нысан тексеріліп, бірқатар кәсіпорынды жабу ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық талаптарды сақтау бойынша кәсіпкерлерге рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Біз "Еуразия"сауда орталығында тексеріс жүргізудеміз. Бұл сауда орталығына бірнеше рет ескертулер жасадық. Орталықтың әкімшілігіне ескерту жасадық, бірақ бүгінгі рейд барысында әлі де орындалмаған талаптар бар. Атап айтсақ, маскалық тәртіп сақталмаған, кіре берісте антисептиктер жоқ, сондай-ақ температура өлшеу тәртібі сақталмаған, - деді қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бас маманы Азамат Рашитов. 
Бұдан бөлек, нысанда маникюр кабинеті және басқа да қызметтер жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 
Бірақ бұл қызметтер санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша әлі рұқсат етілмеді. Сонымен қатар рейдтік топ "Аспан" базарында да болды. Бұған дейін санитарлық талаптар сақталмағанына байланысты бірнеше шағым келіп түскен. "Бүгін жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық СЭС, қалалық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлерінен тұратын мониторингтік топ аталған нысанды тексерді. Рейд барысында әкімшілік барлық ескертулерден нәтиже шығарған, – деп атап өтті А.Рашитов. 
Аталмыш нысанда талаптар бірнеше рет бұзылған.

Осы нысанда талаптар бірнеше рет бұзылды. Осыған байланысты аудандық СЭС шешімімен, бүгінде көптеген нысандар талаптарды орындамай, өз қызметіне кірісе алмайды. Біз бір донер сататын дүңгіршек, бір дүкен, бір кафе және бір шаштараз жаптық, - деді А.Рашитов. 
Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысандарда санитарлық нормаларды бұзушылық анықталды, 14 нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады.

Осы нысандардағы негізгі бұзушылықтар: қызметкерлерінің маскалық режимді сақтамауы, пайдаланылған медициналық маскаларды дұрыс қоқысқа салмауы, тепловизорлардың жоқтығы, күніне кемінде үш рет қызу мөлшерін өлшейтін тәртіп пен тіркеу журналының болмауы, ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі үстелдер арасындағы қашықтықтың сақталмауы. 

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы