Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері крипто қылмыс жасап, биткоиндарды қолды қылған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын құрықтады, деп жазды turkystan.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап.
Күдікті алаяқтық жолмен мегаполис тұрғынының онлайн-биржадағы электрон әмиянына қол жеткізген. Сөйтіп, 3 ай бойы жасырын түрде ақшаны өзінің есепшотына аударып отырған.
Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Полиция қызметкерінің айтуынша, соңғы 3 жылда онлайн-биржада криптовалютаға байланысты алаяқтық дерегі 10 есе өскен. Ал залал сомасы жүздеген миллион теңгеге дейін жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістандық шаруа 50 мың дана құлпынай көшетін өсіріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы