Елордада 12 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады.
Бүгін Алтай Көлгінов бірқатар білім беру нысанының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жүктемесі артып отыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 20 мың орындық 12 мектеп (2021 жылға 40 мың оқушы орнына дайындаламыз). Оқу орындарын бірінші кезекте қажеттілік туындап отырған жерлерде саламыз. Бұл үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар бірқатар мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.Оның айтуынша, оқу орындарының құрылысына жеке инвесторлар тартылады. Инвестициялық кеңесте 24 білім беру нысанын салу қолдау тауып, оның алтауында құрылыс жұмыстары басталды.
Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар мектептердің (Омаров көшесі мен Е312, Ұлы дала даңғылының қиылысы) құрылыс барысымен таныстым. Инвесторларға жағдай жасаймыз. Олар үшін бұл тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, сонымен қатар нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі. Қосымша жұмыс орындары пайда болады, – деді Алтай Көлгінов.Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп (оның 10-ы қазіргі мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Екі ауысымда бұл 120 мыңға жуық оқу орнын құруға мүмкіндік береді.
Құрылыс салушылар "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын ұстанып, дамытуы қажет. Құрылыс барысында санитарлық нормаларды сақтау маңызды әрі аумағын абаттандыру жұмыстарын уақтылы жүргізу қажет, – деп атап өтті А.Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алакөл жағасына тарихтан сыр шертетін балбал тастар жеткізілмек
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы