8 Қаңтар 2023, 10:19
Елордада 11 бағыт бойынша қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда, - делінген хабарламада.