109 қызметі WhatsАpp арқылы 4 мыңға жуық өтінімді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 наурызда iKOMEK109 бірыңғай байланыс-орталығы +7 747 109 0 109 WhatsАpp нөмірі арқылы өтінімдерді қабылдаудың жаңа әдісін іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
"WhatsApp арқылы өтінімдерді қабылдаудың ережелерін сақтау керек. Өтініштерді бір мәтіндік хабарламамен келесі шаблон бойынша жіберу қажет:
Өтініш берушінің деректері; байланыс мәліметтері (кері байланыс үшін); өтінімнің мазмұны; уақыты мен күні; өтінімге (ескертпе – ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты нақты мекенжай; болған жағдайда, фотоматериалды қоса тіркеу керек; қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағыттың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мазмұнын көрсетуді сұраймыз", - деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шаблон бойынша толтырылмаған өтінімдер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді.
Барлық мәтіндік хабарлама тәулік бойы қабылданады.