Елордада 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған азамат ұсталды
Астана қаласында осындай ұрлық жасады деген күдікпен ер адам құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай қаладағы ЖШС-нің бірінің басшысы Сарыарқа АПБ полиция бөліміне хабарласып, серіктестік аумағынан шойын батереялардың жоғалғандығын айтып, жүгінген. Қазіргі уақытта 93 жылыту батареясын ұрланғандығы анықталып, шығын мөлшері есептеліп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынын анықтады. Анықталғандай ол бұрын осы серіктестікте жұмыс жасаған.
Сондықтан жылу батареяларының қайда орналасқанын және қай уақытта алып шығу ыңғайлы екенін жақсы біліп, қылмысын жоспарлы түрде жасаған. Қолға түскен жігіт жылу батареяларын металл қабылдау орындарына тапсырып, алған қаражатты өз қажеттігіне жұмсаған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.