Кеше 2026, 22:25
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Елордада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.
Астанада Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтер ішіндегі үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өртті 30 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.
Зардап шеккендер жоқ.