Елордада 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қоғамдық көліктері 10 қаңтарда қалыпты жұмыс істейді.

Бұл күні қалада қатынайтын автобустың бәрінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды City Transportation Systems (CTS) компаниясы.

Құрметті жолаушылар! 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. 11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады. Бетперде тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды, – делінген CTS таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы