Елордада 1 шілдеде балабақша кезегі жаңартылады

Елордада 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау процесі қайта басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаевтың мәліметінше, биыл 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 15 мыңнан астам орын ұсынылады.

Баланы балабақшаға орналастыру INDIGO электронды жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар онлайн режимде:

  • жеке кабинетке кіріп, өтініштің мәртебесін тексере алады
  • құжаттарды электронды түрде жүктей алады
  • ed24.kz мобильді қосымшасына тіркелуі қажет
  • медициналық анықтамаларды алдын ала дайындауы керек.

«Бұл рәсімдер қабылдау процесін жеделдетіп, адами фактор ықпалын азайтады», – дейді Серік Адылбаев.

Астанада 653 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде:

  • 99 – мемлекеттік
  • 551 – жекеменшік
  • 3 – ведомстволық балабақша

Ата-аналар INDIGO арқылы тек қарапайым балабақшаға ғана емес, арнайы (коррекциялық) мекемелерге өтініш бере алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: istockphoto
Өзгелердің жаңалығы