Елордада жаңа жыл түні екі адам өрттен қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл түнінде елордадағы "Авиатор" саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 қаңтарда сағат 03:23-те «Қала маңы» тұрғын ауданының «Авиатор» саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен еркектің мәйіті. Өрттің себебі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 16 адам және 3 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы