Елордада камералар «қауіпті автокөлікті» анықтайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың көлік құралдарының нөмірлері жүйеге енгізіледі.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Тelegram парақшасында жазды.
Егер жолдағы камералар соңдай көліктерді анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді, - деп жазды ол.Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады.
Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың 9-ы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Біздің басты міндетіміз - қаланы одан да қауіпсіз және жайлы ету, - деп жазды Бектұрова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы оқушылар сарайында тұлғалық даму мектебі ашылады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы