Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Е10 көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 22-23 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ш.Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы жартылай шектелетін болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы