"Елорда жастары" бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

"Елорда жастары" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Тұрғын үй қоры" ММ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес бағдарлама бойынша іріктеу нәтижелері екі тізімде жарияланды: "Мақұлданды" және "Бас тартылды". 

Ведомство мәліметінше, бағдарламадан өткен 185 адам 10 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалау үшін банкке жүгінуі тиіс. 

Құрметті "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары!  Егер Сіз "мақұлданды" тізімінде болсаңыз, Сізге "Отбасы банкі" АҚ-ға (порталда өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштаға, "спам" папкасын тексеріңіз) жолдаманың электрондық нұсқасы жіберілді, оны басып шығарып, 10 жұмыс күні ішінде Астана қаласында "Отбасы банкі" АҚ-ның кез келген бөлімшесіне төлем қабілеттілігін бағалау үшін жүгіну қажет, - делінген хабарламада. 

Бұл ретте "Отбасы банкі" АҚ-ға жолдама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде келмеген жағдайда, Астана қаласының әкімдігі жолдаманың күшін жоюға құқылы.

Мекеменің баспасөз қызметі 578 адамға не себепті бас тартылғанын түсіндірді.

Егер Сіз "бас тартылған" тізімінде болсаңыз, онда Сіз бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келмейтіндігіңізді білдіреді, мысалы, Астанада соңғы 1 жыл ішінде тұрақты атаулы тіркеу жоқ, жұмыс орны таңдалған қызмет саласына сәйкес келмейді, меншік құқығында тұрғын үй бар, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну және т. б. Бас тартудың толық себебін Сіз порталда өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберілді, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, "Мақұлданды" тiзiмi және "Бас тартылды" тiзiмін осы сілтеме арқылы қарауға болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы