Елорда тұрғынынан бір келіге жуық мефедрон тәркіленді
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елорданың 35 жастағы тұрғыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасын арқалайтын болады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық затын елорданың өзінде, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде де, оның ішінде Ақмола облысында да аса ірі мөлшерде жеткізумен және өткізумен айналысқан Астана тұрғынына қатысты жедел ақпарат алды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, - деп атап өтті ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, қоймашыны ұстаған кезде жедел қызметкерлер 30 пакетті тауып, тәркілеген.
Пакеттің әрқайсысында 10-нан 30-ға дейін оралған есірткі заттары болған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты екені анықталды. 35 жастағы астаналық есірткі жасыруларын қойып үлгермеді. Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі, онда есірткі құралдарын сату жөнінде куратормен хат алмасу және жасырып салу арқылы жергілікті жерде есірткі заттарын өткізу туралы фотоесеп бар. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс-әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін 130 шетел азаматы елімізден мәжбүрлі түрде шығарылғаны белгілі болды.