Елорда тұрғыны қасақана банкроттық жасағаны үшін сотталды

Астаналық азамат қасақана банкроттық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорданың экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, А. атты азаматтың «Ф» ЖШС-нің нақты иесі бола отырып, кәсіпорынды жақын туысына тіркеп, өзіне тиесілі кәсіпорынға жалпы құны 331 млн.теңгеден асатын 18 көлік құралын, 26 млн.теңгеден астам ақшалай қаражатты аударғанын анықталды.

А. есімді азаматтың заңсыз іс әрекетіне қатысты жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша мемлекет пен заңды тұлғаларға келтірілген залал 94 млн.теңгені құрағаны дәлелденіп, оған әдейі банкроттық жасағаны үшін сот үкімі шықты.

Мемлекеттік кірістер органдары қасақана (жалған) банкроттыққа жол бермеу мақсатында жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Әдейі банкроттық белгілері анықталған жағдайда құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке және субсидиарлық жауапкершілікке тартылатынын, кредиторлар алдында өз меншігіндегі мүлкімен жауап беретінін қатаң ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы