Елорда тұрғыны 32-қабаттың терезесіне шығып, күйеуін қорқытпақ болған

Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Северное сияние" тұрғынүй кешенінің 32-қабатындағы пәтердің терезесінде салбырап тұрған әйел туралы мәлімет желіде пайда болған еді. Бұл туралы BNews жазды.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жағдайды анықтау үшін әйел мен күйеуін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген. Тексеріс кезінде әйел күйеуімен ұрсысып қалған соң, оны қорқыту үшін осындай қадамға барғанын, төменге секіру туралы ойы болмағанын айтқан. Қоғамдық тәртіпті бұзып және азаматтарды мазалағаны үшін жұбайларға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекова.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жұбайлар алкогольдік мас күйде болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы