Елорда тұрғындарының саны 4 есе өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – астана күні. Биыл елордамызға 24 жыл. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны 4 есе өсті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы деп хабарлады.
Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, 1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған.
Содан бері елорда тұрғындарының саны 4 есеге жуық өсіп, қазір 1 млн 262 мың адамға жетті. Астанада 24 жыл бұрынғыдай әйелдердің саны басым.
Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%). 1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті. 1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген. Қазір олардың саны – 147. Ал, аурухана ұйымдарының саны 15-тен 45-ке дейін артты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні.