Елорда тұрғындарына жол жүру бағдарын жоспарлауға кеңес берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Ресей матчының өтуіне байланысты астаналықтар жол жүру бағдарын жоспарлауы қажет. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайты хабарлады. 

Қала көшелерінде кептелістер туындауы мүмкін.

«Қазақстан және Ресей командалары арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу раундының өтуіне байланысты 24 наурызда қаланың сол жақ жағалауындағы Тұран, Қабанбай батыр даңғылдары, Керей мен Жәнібек хандары, Сарайшық сияқты көшелерде кептелістердің туындауы мүмкін екендігін хабарлаймыз»,  – деп жазды өзінің фейсбуктегі парақшасында қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша матчты көруге ниеттілердің саны көп.

«Осыған орай, өз бағдарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Ал ойынды көргісі келетін футбол жанкүйерлеріне «Астана-Арена» стадионына матчтың басталу уақытынан екі сағат бұрын келуге кеңес береміз», – деп атап өтті Есин. Қазақстан және Ресей командалары арасындағы матч бүгін сағат 22:00-де басталады.         

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы