Елорда су тасқынына қалай дайындалып жатыр

Қала әкімі Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, Жыл басынан бері 15,5 мың метрге жуық арық-науа желісі, 600-ге жуық бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 160 метр коллектор жуылған. Сондай-ақ коммуналдық қызметтер шамамен 4,3 млн текше метр қар шығарды.

Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қарды уақытылы күреуді бақылауға алуды, су өткізгіш құбырларды тазалауды, нөсер кәрізінің жүйесін салуға ерекше назар аударуды тапсырдым, - деді елорданың басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы