Елорда стационарларындағы жүктеме 70 пайызды құрайды – Мұратов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елорда тұрғындарын вакцинациялауға қатысты өткен брифингте айтты.
Елордамыз «қызыл аймақта» тұр. Бүгінгі таңда инфекциялық аурудың қайта өсіп отырғанын байқап отырмыз. 28 маусымдағы жағдай бойынша елорда стационарларында 1403 науқас жатыр. Оның ішінде коронавируспен 1225, пневмониямен 147 адам жатыр. Қазір стационарлардағы жүктеме 70 пайызды құрап отыр, - деді ол.
Оның айтуынша, стационарлардың төсек қуаттылығы 2026 төсекті құрайды.
Оның ішінде 200 инфекциялық, 25 карантиндік төсек орындары. Қазіргі уақытта коронавируспен күресуге 14 стационар жасақталды. Оның 13-і инфекциялық, біреуі карантиндік стационарлар, - деді Мұратов.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтқандай, қабылданған шаралар коронавируспен ауыратындар санын көбейіп келе жатқанын көрсетеді.
Біз төсек-орнын көбейтуге және адами ресурстарды көбейтуге мәжбүр болып отырмыз. Жансақтау бөлімінде қазір 113 науқас жатыр. 43 науқастың жағдайы өте ауыр. Оның 20-сы ӨЖЖ-ге қосылған, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада күніне қанша адам COVID-19 жұқтыратыны айтылды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы