Елорда прокуратурасымен 280 инвестордың құқығы қорғалды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратурамен «инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» іске қосылды. Мақсаты - инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді құралдарды енгізу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жұмыс шеңберінде елорда прокуратурасыинвесторлармен арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесті. 

Мұндай шарттарды бұзу тәртібі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) регламенттелген. Бейінді министрлік АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарты бекітілген. Алайда, басқарушы компания – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы»ЖШС-і шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға құқық беретін, Заңда және үлгілік шартта көзделмеген тармақтарды белгілеп, 280 шарт жасасты.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Басқарушы компания барлық инвесторлармен шарттарды қайта жасасу рәсімін бастады.

Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы