Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қардың толассыз жаууына байланысты көлік иелеріне үндеу жолдады.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, өткен тәулікте елорда аумағында 53 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шеккен. 

Жүргізушілерден жол бойында көлік қоймау керектігін, сол арқылы қоғамдық көліктің қозғалысы мен қар күрейтін техникасының жұмысына кедергі келтірмеу қажеттігін ескертеміз. Қар күреу жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып жатыр. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз ара қашықты қатаң сақтаңыздар, - деп жазылған полицияның үндеуінде. 

Сақшылар, жүргізушілерге баратын бағытын алдын ала жоспарлап, кенет бақса жолаққа ауыспауды және тежегішті кенет баспауды, қала сыртына сапардан бас тартуға кеңес береді. 

Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджетке үңілмей, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Қолайсыз ауа райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері ауладағы қарды уақытылы тазалауды ұйымдастыруы қажет. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмектеседі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - делінген үндеуде.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы