Елорда полициясы әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы бойынша семинарлар өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мәдениет, білім беру және спорт нысандарының ұжымдарымен терроризмге қарсы қорғалу бойынша бірқатар семинарлар өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәселен, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары елорда әкімдігінің антитеррорлық комиссиясымен, сондай-ақ мәдениет басқармасымен бірлесіп, мәдениет нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді.
Сондай-ақ, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің қызметкерлеріне арнап онлайн семинар өткізді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісін жасау қатері кезіндегі іс-әрекеттер және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету түсіндірілді.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ТҚК, Нұр-Сұлтан қаласы ҰҚКД ТҚО, сондай-ақ Спорт басқармасымен бірлесіп, спорт нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізілді. Үкіметтің 06.05.2021 жылғы «террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 305 Қаулысының міндеттері жеткізілді.