Елорда полициясы алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді

Елорда полициясына қала тұрғындары, белгілі бір азаматтың пайда көру мақсатында, адамдарды алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктеріне қол сұғып, қоғамға қауіпті әрекет жасады деген арызбен жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ақша табудың жоспарын ойлап тапқан. Қоғамның сеніміне кірген ол, өзін тұрғын үй қорының жұмыскері ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер алуға өзінің қызметін ұсынған. 

Елорда тұрғындарының көпшілігі жеке баспанасы болмай, жалдамалы пәтерлерде тұрғандықтан алаяқтың ұсынысын қабылдаған. Келтірілген шығын шамамен 20 млн теңгеден асқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы азаматты құрықтады. 

Күдікті жасаған қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы