Елордада мектепті бітіру кештерінде 400 полицей тәртіпті қадағалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған орай, полиция қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған орай, полиция қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
12-21 маусым аралығында Нұр-сұлтан қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде бітіру кештері өткізіледі. Әр білім беру ұйымына Департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген.
"Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, мектепті бітіру кештерінде тікелей іс-шаралар өтетін орындардың жанында патрульдік полиция нарядтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полиция мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұдан бұрын полицейлер оқу орындарының оқытушылар құрамымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріп өткен болатын.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026