Елорда полицейлері «Аулада қабылдау» іс-шарасын өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін тұрғын үйлердегі барлық санитарлық норманы сақтай отырып, «Аулада қабылдау» акциясы басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордалық полицейлер тұрғындарды қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер береді. 

Іс-шараға, сонымен қатар, Nur Otan партиясының астаналық филиалының өкілдері, қоғам қайраткері Бибігүл Ысқақова, емхананың бас дәрігері – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Динара Байсеркина, Алматы ауданы әкімдігінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мадияр Тұяқбаев және ПИК өкілдері, еріктілер мен жол қозғалысының жас инспекторлары қатысуда. 

Тұрғындардың басым бөлігін түнгі уақыттағы тыныштықты бұзу мәселесі, ЖЖЕ-ні бұзу, бейнебақылау камераларының жұмысы, түнгі уақытта алкогольді ішімдіктер ішу және т.б. сұрақтар алаңдатады екен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы