Елорда оқушылары «Ақберен» өнер байқауында топ жарды
Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Астана қаласында «Ақберен» өнер байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қаладағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өткен өнер байқауында еліміздің әрбір өңірінен 120 оқушы алты номинация бойынша қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары 1 алтын, 2 күміс медальға ие болды.
«Ақындар айтысы» номинациясында 76 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абылай Қайратұлы І орын, «Көркемсөз оқу» номинациясында 87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Саяжан Азаматқызы және «Эссе жазу» номинациясында 84 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мұрат Ажар II орын иеленді.
Айта кетейік, «Үздік команда» номинациясында Астана қаласы ІІ орынға ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Өзгелердің жаңалығы