Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Челлендж мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқушылардың ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейту, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Елорда мектептері арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлттық бірегейлікті сақтау" бағыты бойынша, "Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің" жобасы аясында "Бұрымды қыз" атты байқау челленджі басталды.Челлендж алғаш елордадағы №10 мектеп-гимназиясында "Шаш өру – қазақ қызына тән әдептілік" атты ғылыми жобалар байқауы ретінде басталып, өзге мактептерге жолданған. Аталған байқаудың мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды (атап айтқанда, шаш өру өнері, сондай-ақ шашбау мен шолпы тағыну) насихаттау және ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Челлендж барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы 40-ға жуық білім ордасының 220-ға жуық оқушысы өз бейнероликтерін әлеуметтік желіге жүктеді. Қазіргі таңда жоба Павлодар, Қарағанды және т.б. қалаларда кеңінен қолдау табуда, - делінген ақпаратта.Жоба карантин уақытында аналар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттауды көздейді. Челлендж қатысушылары өз отбасымен бірге ұлттық киімде бейнероликтер түсіруде. "Бұрымды қыз" челленджін республика көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында да жобаны жалғастыру ұсынылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында індет жұқтырғандардың екеуі бала
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы