Елорда мешіттерінде ұрлық жасаған ұры камераға түсіп қалған
Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген ұры камераға түсіп қалған деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.
Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады, - деді полициядан.
Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы