Елорда мешітінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам сағат 23.00 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойынша мешітке келген. Мешіттің кіре берісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреде «Samsung» маркалы ұялы телефоны жатқанын байқап, оны жасырын ұрлап алып, бой тасалаған. Келтірілген материалдық шығын 100 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азматтарға сақ болуды және құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер сізге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы