Елорда мерекесі қарсаңында Павлодар облысында екі көппәтерлі үй беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ, Павлодарға жаңа электробустар мен трамвайлар 5 шілде күні жеткізіледі. Бұл туралы аппарат кеңесінде облыстық өңірлік ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов мәлім етті, деп жазды Рavlodarnews.kz.

«Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 6 шілде күні елорда күніне орай мерекелік концерттер мен мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Елорда мерекесі қарсаңында облыста Генерал Дүйсенов көшесі, 138/1 мекенжайы бойынша екі көппәтерлі үй қолданысқа енгізіледі», - деді Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ, оның сөзінше, 6-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Павлодар облысының тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі, Павлодар қаласында дәстүрлі орындарда сағат облыс тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі 8.00-ден бастап өтеді. Мерекенің жалғасы 7 шілде күні Ұлттық домбыра күнін тойлаумен жалғасатын болады.

5 шілдеде «№1 Автобус паркі» ЖШС жаңа электробустары мен «Трамвай басқармасы» АҚ жаңа трамвайларының тұсаукесері, инвесторлар үйінің, инвесторлар үйінен бастап Айманов көшесіне дейін жаңа жағалаудың ашылуы жоспарланған.

6 шілдеде Шарбақты ауданының Александровка ауылында су құбыры іске қосылады. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында автовокзалы, Тереңкөл ауылында ресто-бар мен строй-рум және екі пәтерлі жеке үй тапсырылады.

Еске сала кетейік, биыл қала көшелеріне жаңа 44 автобус шығады. 2019 жылдың І тоқсанында №1 автобус паркіне отандық Ankai маркалы 30 жаңа автобус сатып алынбақ. Оның 20-сы дизельді отынды, ал қалған 10-ы – электробустар. Сондай-ақ, «Павлодар автокомбинаты» ЖШС ресейлік «ЛиАЗ» маркалы 14 жаңа автобусты сатып алуды жоспарлауда. Соңғы бес жыл ішінде негізгі автотасымалдаушы компаниялар 79 жаңа автобус сатып алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы