Елорда мен тоғыз облыста дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Қостанай облысында найзағай, бұршақ түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық сақталады.

Түркістан облысының батысында күн 40 градусқа дейін ысиды. Түркістан қаласында 40 градус аптап ыстық болады.

Атырау облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с, 35-39 градус ыстық, төртінші санаттағы өрт қауіптілігі сақталады. Атырау қаласында күндіз 36-38 градусқа дейін күн ысиды.

Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы