Елорда мен Шымкент сауда бойынша оң аймаққа шықты - Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты.
Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдайға келсек. 5 көрсеткіш бойынша 11 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, - деді ол.
Министр сауда бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын атап өтті.
Оң аймаққа 2 өңір шықты. Олар: Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Сондай-ақ, 3 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 3 өңірде 1-2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәленов инвестиция көлемі төмендеген өңірлерді атады
Өзгелердің жаңалығы