Елорда мен Алматы маңындағы демалыс қанша тұрады?

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптеген қазақстандық шетелде демалуға ұмтылады, көбіміз өзіміздің өңірде қандай демалыс орындары бар екенін біле де бермейміз.

Алда мерекелер жақындап келеді.  Тәуелсіздік күні, содан кейін Жаңа жылдық мерекелер. Бұл күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда қайда барып демалыға болады?

 

Нұр-Сұлтан

Қоянды

Елорда тұрғындарының әдемі көлдің жанында орналасқан Қоянды кентіне деген қызығушылығы арта түскендей. Онда сіз шағын ағаш үйді, киіз үйді немесе  коттеджді жалға ала аласыз, жабық бассейнде жүзе аласыз. Балық аулап шаңғы теуіп немесе балаларыңызбен балалық шағыңызды ойға түсіріп, шанамен зулатып сырғанақ та тебе аласыз. Жалпы ауданы 200 га болатын қылқан жапырақты орманда атпен серуендей аласыз.

Бөлмені жалға алу аптаның күндеріне байланысты 18-ден 33 мың теңгеге дейін болады. 4-5 адамға арналған үй 20-дан 55 мың теңгеге дейін тұрады. Қоянды Астана-Павлодар P-4 жолының маңында орналасқан. Нұр-Сұлтаннан Қояндыға №307 автобуспен жетуге болады.

Қосшы

Сондай-ақ Қосшы ауылына да баруға болады. Ол елордадан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан. Онда қонақ үй, кафе, шығыс және еуропалық мейрамханалар, спорт алаңдары, ағаш монша, бильярд, барбекю бар. Қыста ойықтарда шомылуға болады, сырғанақ теуіп, қармен жүретін көліктермен жүріп және ат шанаға мініп серуендеуге болады.  Шағын хайуанаттар бағы да  бар. Мұнда біраз уақыт қалғысы келетіндер монша мен бассейні бар коттедждерді жалға ала алады. Құны тәулігіне 80-нен 220 мың теңгеге дейін тұрады. Нұр-Сұлтаннан №303 автобус қатынайды.

Интернациональный

Атқа мінуді ұнататындарға Қарағанды трассасы бойынша қаладан небәрі 12 шақырым жерде орналасқан Интернациональный кентіне баруды ұсынамыз. Мұнда жылқымен ашық ауада да, ауа райы қолайсыз болған жағдайда арнайы аренада жүруге болады. Түнеп қаламыз десеңіздер үйлер, киіз  үйлер және коттедждер бар. Көпшілік мұнда пейнтбол ойнауға және қысқы мерекелерді атап өтуге келеді. Мұнда 10 адамға арналған үйді 30 мың теңгеге жалға алуға болады. Көп адамға арғалған кең әрі ыңғайлы үйді (20 адамға) – 70 мыңға алуға болады. Астанадан ауылға дейін бірден бірнеше автобус жүреді– №9, 304, 313, 315, 316.

Қорғалжын

Табиғат аясында демалғысы келетіндер Астанадан 150 км қашықтықта орналасқан Қорғалжын мемлекеттік қорығына баруларына болады. Қаражар кентінде 2-, 4-, 6 - және 8-орынды ағаш үйлері бар туристік лагерь, тұрмыстық керек-жарақтары бар қонақ үй бар. Үйлерді жалға алу тәулігіне үш мың теңгеден басталады. Онда тамағыңызды өзіңіз дайындайсыз. Қорықта қабандар, түлкілер, қояндар, ақбөкендер, үкі, құр мекендейді. Мұнда қайықпен серуендеп,  балық аулауға болады. Желтоқсаннан ақпанға дейін қорықтың арнайы бөлінген учаскелерінде спорттық/әуесқой балық аулау ұйымдастырылады.

Бурабай

Соныме, Ақмола облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның, тіпті Орталық Азияның да ең әдемі және көрікті жерлерінің бірі – Бурабай курорты. 1938 жылы Нью-Йоркте КСРО курорттарының арасында Бурабай табиғат түрлерінің көркемдігі мен әсемдігі бойынша екінші орын алған. Ал қазір оны «Қазақстандық Швейцария»деп атайды. 

Курортта әртүрлі мөлшердегі оннан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең танымалы – Бурабай. Ал ең терең көл – Щучье. Көлдің атауы осы тоғандағы шортанның көптігіне байланысты қойылған деседі. Көптеген балық аулауға құмар жандар мұнда шортан, алабұға, көксерке, тұқы аулау үшін келеді.  Басқалары Бурабайға қылқан жапырақты орманның шипалы ауасы үшін келеді.

Бұл аймақта көптеген дәмхана, қонақ үй, демалыс орны бар. Шын мәнінде сапалы демалысты білетіндер әдетте Rixos Borovoe қонақ үйін таңдайды. Қонақ үйден 10 км жерде «Бурабай курорты» орналасқан, одан Rixos-қа дейін таксимен 17 минутта жетуге болады. Қонақ үйде 500 адамға арналған бес кең конференц-зал, спа, керемет гриль тағамдары, әуезді музыка мен шарап жиынтығы бар Chalet мейрамхана бар. Терезеден орман мен көлдің әсерлі панорамалық көріністері ашылады. Қонақ үй іс-сапарлар мен отбасылық сапарларға өте жақсы орын.

Алматы

Алматы тұрғындары мен қонақтарының да қыста көңілді және жақсы демалуға мүмкіндіктері бар.

Алма-Арасан

Алматы маңындағы Алма-Арасан шатқалында көптеген дәмхана, мейрамхана, монша, жабық және ашық бассейндер,  бильярд, спорт алаңдары және т.б. бар. Қонақ үйлерді жалға алу тәулігіне 25-тен 350 мың теңгеге дейін барады.

Физикалық тұрғыдан мықты адамдар теңіз деңгейінен 2,609 метр биіктікте орналасқан Терра шалғынына жетуге тырысады. Сіз шамамен 15 шақырым жүруіңіз керек. Маршрут бойында «Алма-Арасан» ыстық бұлағы және «Қыздың көз жасы» сарқырамасы орналасқан. Тұңғыш Президент саябағынан Алматы шатқалындағы экопостқа дейін №28 автобус қатынайды.

Ой-Қарағай

Алматы облысының Талғар ауданында Ой-Қарағай шатқалы орналасқан. Бұл атпен ұзақ серуендеуді ұнататындар арасында, сондай-ақ қысқы спорт түрлерінің жанкүйерлері арасында танымал. Мұнда экстрималды демалысты жақсы көретіндер келулеріне болады. «Ойқарағай» орнының аумағы 85 гектар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған аумақ күніне бес мың адамды қабылдай алады. Сырғанақ жолындағы ең ұзын трасса – 1200 метр. Қазіргі сәтте біз келе жатқан аспалы жолдың ұзындығы – 904 метр. Ең биік нүкте теңіз деңгейінен 1820 метрде орналасқан. Қарағайлы, шыршалы тау арасындағы демалыс орнында 15 трасса салынған.   Кәсіби, әуесқой шаңғышыларға арналған жолдардың жалпы ұзындығы – 13 шақырым. Жақсы демалыс аймағындағы стандартты екі орындық бөлме тәулігіне 50 мың теңге болса демалыс күндері мен мейрам күндері 60 мың тұрады. Люкс номерлер 60 мың, демалыс және мейрам күндері 70 мың теңге. №210 автобуспен жете аласыз.

Солдат шатқалы

Сол Талғар ауданында көпжылдық қылқан жапырақты ормандары, қайың тоғайлары, емен тоғайлары бар Солдат шатқалы, сонымен қатар тау шаңғысы курорттары бар. Мұнда йогамен айналысып, жаттығу жасап, скандинавиялық серуендеуді ұнататындар барады.  Бассейні мен тұз шахтасы бар, СПА-ға баруға, футбол мен волейбол ойнауға мүмкіндіктері бар. Жергілікті қонақүйдегі стандартты екі кісілік нөмір тәулігіне 26 мың теңге тұрады.

Шонжы

Алматы облысының Ұйғыр ауданында, Алматыдан 240 шақырым жерде құрамында радон мен кремнийдің көп мөлшері бар Қарадалы кен орнының термиялық көздерімен әйгілі Шонжы ауылы бар. Одан бір сағаттық жерде атақты Шарын шатқалы бар.

Термалды су асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданылады. Ауылда және оның төңірегінде қонақ үйлері мен сауналары мен асханалары бар демалыс орындары бар. Онда күніне төрт мың теңгеге бөлме жалдауға болады.

Қаскелең

Алматыдан 36 шақырым жердегі Қаскелең шатқалында ежелгі көшпенділердің заңы бойынша салынған сақ моншалары бар. Олар ортасында тас пеші бар тау өзенінің жағасындағы кенеп шатырлар. Сақ моншасында әдетте жадеит тас ретінде пайдаланылады, моншаны жылыту үшін ерекше ағаш түрлерін пайдаланған, еденге шөп төсеген. 150 градусқа дейін қыздырылған моншадан кейін, шығып өзенге түсе аласыз. Өзеннен кейін кері моншаға кіресіз. Осылай екі сағат бойы бірнеше рет қайталайсыз. Бағасы – екі сағатқа 50 мың теңгеден.

Сол ауданда кафелер, қонақ үйлер, шатырлар, барбекюі бар демалыс орындары бар. Қаскелең шатқалында марал шаруашылығы да бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыртқа арзандады
Өзгелердің жаңалығы