Елорда мен Алматы арасында ұшатындарға қандай талаптар қойылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов ұшақпен ұшатын жолаушыларға қойылатын талаптар туралы айтты.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы ішкі авиарейстерді жаңарту кезіндегі негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қойылып отыр. Ең бірінші кезекте коронавирус жоқ екенін дәлелдейтін анықтаманың болуы. Сонымен қатар, олар міндетті түрде маска тағып, бір-бірінен қашық отыруы тиіс. Ұшақ бортында дезинфекция жасау шаралары күшейтіледі, - дейді Сәдуақас Байғабылов.
Оның айтуынша, ұшып келген жолаушылар карантинге жатқызылмайды.
Әуежайда барлығының дене қызуы өлшенеді. Ұшу кезінде экипаж жолаушыларға анкета таратады. Қонғаннан кейін анкеталар әуежайдағы санитарлық-карантиндік пункттің қызметкерлеріне тапсырылады. Ұшақтан түскеннен кейін байланыссыз термотерия сияқты қосымша шаралар жасалады. Бұл шаралар жолаушы өзін жайсыз сезінген жағдайда керекті стационарға апарып, диагноз қойып, қысқа мерзім ішінде кімдермен байланыста болғанын анықтап, тиісті шаралар қолдану үшін керек.Коронавирустың теріс нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасы жеті күнге жарамды. Яғни, жеті күн ішінде жолаушы әрі-бері қатынай алады, - дейді көліктегі бас санитар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарға Омбыда оқитын 109 қазақстандық келді
Өзгелердің жаңалығы