Елорда мектептерінің бірінде оқушыға дәретханада жасырын екпе салынған – Фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде балаларға жасырын екпе жасалатыны туралы ақпарат таратылып жатыр.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Нұр-Сұлтанда №58 мектепте ата-аналардың ресми түрде бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе жасалатыны туралы ақпарат таратылуда, - деп жазды stopfake.kz.
Хабарламада оқушылардың біріне дәретханада вакцина салынғаны айтылған. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
А. Бакеева әлеуметтік желілердегі парақшасында «3-сынып оқушысына дәретханада екпе салынды» деген жалған ақпарат жариялады (баланың анасының сөзіне сілтеме жасай отырып). Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, оны баланың анасы растады. Сондай-ақ ауысым ауысқан кезде 9-сынып оқушысының жағдайы нашарлаған. Осы кезде мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетті, бірақ А.Бакеева ережелерді бұзып, оны оқушыға жіберуді талап етті. А.Бакеева видеоға түсірмеу туралы өтінішті елемеді, ал бұл баланың құқығын бұзу болып табылады. Мектептің кезекші дәрігері оқушыға алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ мекеме Қазақстанда мектептерде балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілмегенін және жүргізілмейтінін атап өтті.
Бұрын хабарланғандай, елімізде тек 12 жастан асқан балаларды ғана КВИ қарсы егу жоспарланған. Бұл ретте процедура тек ата-аналардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы