Елорда мектептеріне үш директор жетіспейді

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 2023 жылы 5 527 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілік арттыру курстарынан өткен. Биыл елордада алты мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

2023 жылы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына өзгерістер енгізілді. Өзгеріске сәйкес білім беру саласындағы көшбасшыларды іріктеу және даярлау жөніндегі норма енгізілді. Бүгінгі таңда Білім министрінің бұйрығымен республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі бекітіліп, Астана қаласы бойынша осы кадрлық резервке 18 адам кірген, - деп айтты Сенғазыев брифингте.

Оның сөзінше, елорда мектептеріне 3 директор қажет. Осыған байланысты республикалық кадр резервінен алынған адамдарды бірінші басшылардың бос лауазымына тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазіргі таңда кадр резервінен екі мектеп директоры өткен аптада тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы