Елорда мектептеріне танымал тұлғалардың есімі берілді

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:

№ 20 орта мектебіне – Шәкен Аймановтың есімі берілді;

№ 27 мектеп-лицейге – Қасым Қайсеновтың есімі берілді;

№ 38 мектеп-лицейге – Әлімхан Ермековтың есімі берілді;

№ 64 мектеп-лицейге – Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді;

№ 94 мектеп-гимназияға – Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді;

№ 89 мектеп-лицейге – Дулат Бабатайұлының есімі берілді;

№ 44 орта мектепке – Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді;

№ 24 орта мектепке – Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді;

№ 59 мектеп-лицейге – Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді;

№ 34 орта мектепке – Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді;

№ 63 мектеп-гимназиясына – Шерхан Мұртазаның есімі берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы