Елорда мектептеріне Өзбекәлі, Қонаев, Фариза есімдері беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі беріледі деп жоспарлануда.
Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;
5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін деген.