Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 91 мемлекеттік мектеп бақылауға алынған. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттің аумақтық басқарма мамандары Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасымен бірлесіп жаңа оқу жылына дайындық бойынша мектептерге мониторинг жүргізді.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында:
- оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар басқа да қызметкерлер міндетті түрде маска тағуы қажет;- сыныптарда үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігі артады;
- сабақ арасындағы үзілістер әр буын (төменгі, ортаңғы, жоғары сыныптар) үшін әртүрлі уақытта болуы тиіс;
- зертханалық, тәжірибелік сабақтардан басқа пәндер бойынша кабинеттік жүйе қолданылмайды;
- асханаларда ауа рециркуляторлары орнатылып, тамақтануды ұйымдастыру ісіне бақылау күшейтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтетіндіктен қызметкерлер мектеп ғимаратына «ASHYQ» жүйесімен яғни QR код сканерлеу арқылы кіреді. Мектептің кіреберіс жерінде күн сайын педагогтер, қызметкерлер мен оқушылар үшін ғимаратқа «кіру сүзгісі» жүргізіледі. Бүгінгі күні санитайзерлер, антисептиктер, жуғыш және дезинфекциялайтын құралдардың жеткілікті қоры жасақталған. Сол сияқты елордалық мектептер бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер мен көрсеткіштер орнатылды, - делінген ақпаратта.
Одан бөлек, мұғалімдер мен оқу орындарының қызметкерлерін арасында жаппай вакцинациялаудың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде елордада педагогтардың 99%-ы (16 мыңнан астам) және техникалық персоналдың 97%-ы (5 мыңға жуық) вакцинацияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде жоғалған 6 жасар қыз табылды
Өзгелердің жаңалығы