Елорда маңындағы өрттен 140 млн теңгеге жуық шығын келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Жыл басынан бері қала аумағында 501 өрт тіркелген. Өрттен келген материалдық шығын 139 млн 332 мың теңгені құрады. Өрттен 54 адам құтқарылып, 310 адам көшірілді. 12 адам жарақат алып, 7 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді, - деді ол.

Еркін Отарғалымұлы атап өткендей, өрт туындамай улы газдан 27 адам уланған, оның ішінде 19-ы бала.

Олардың жалпы санының 46%-ы немесе 222-сі тұрғын үй секторына тиесілі. Тұрғын үй секторындағы негізгі өрт нысандары: жеке үйлер-147 жағдай, көппәтерлі тұрғын үйлер-52 өрт, өзгелері- 23, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы