Елорда маңына қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

Аязға байланысты Астана қаласы маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды. Бұл туралы BAQ.KZ «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

10 желтоқсан, сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда. Қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан білуге болады, - делінген компания мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы